Саясат
Әлихан Смайылов Shell компаниясының өкілімен мұнай-газ саласын дамыту мәселелерін талқылады
- author «Ақ жол»
- 25 қараша, 2022
- 799
Әлихан Смайылов Shell компаниясының өкілімен мұнай-газ саласын дамыту мәселелерін талқылады
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Shell компаниясының барлау және өндіру жөніндегі директоры Зои Юновичпен кездесті.
Кездесуде Қарашығанақ және Қашаған кен орындарын игерудің өзекті мәселелері, газ өңдеу және мұнай-газ химиясы салаларындағы жобаларды іске қосу жоспарлары, сондай-ақ өндірістегі тәуекелдерді азайту жөніндегі шаралар талқыланды.
Әлихан Смайылов Қазақстан мұнай-газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі шараларды іске асыруды жалғастыратынын атап өтті.
Өз кезегінде Зои Юнович компанияның екіжақты әріптестікті нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруға дайын екенін растады. Атап айтқанда, мұнай және газ өңдеу саласындағы жобаларды дамытуға әзір.
Қорытындылай келе, Премьер-Министр Үкіметтің мүдделер теңгерімін сақтай отырып, өзара тиімді ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға мүдделі екенін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




