Мүлікті жария ету жөніндегі 2014 жылдың 7 қарашадағы мәліметке қарағанда Жамбыл облысы бойынша құны 899 981 мың теңгені құрайтын 415 жылжымайтын мүлікті жария етуге өтініш қабылданған. Оның ішінде, құжаттары толық болмауына байланысты 92 өтініш қайтарылса, құны 443 604 мың теңгені құрайтын 230 жылжымайтын мүлік жария етілді, қалғандарын арнайы құрылған комиссиялар қарап жатыр. Мүлікті жария етуге қабылданған өтініштер саны бойынша Шу, Байзақ аудандары және Тараз қаласы (сәйкестік саны 85, 71 және 74), жария етілген мүліктер саны бойынша Шу, Сарысу аудандары және Тараз қаласы алда келе жатыр (сәйкестік саны 65, 54 және 45). Мүліктерді жария ету бойынша Мойынқұм ауданының азаматтары белсенділік танытпай отырғандығы алаңдатуда. Бүгінгі таңда, аталған ауданда мүлікті жария етуге бірде-бір өтініш түспеген. Бұл мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияның аталған акцияға ақпараттық қолдау көрсетпеуі, жарнамалық іс-шаралардың жасалынбағандығы және халық арасында үгіт-насихат жүргізілмегендігі салдарынан болып отыр. Сондай-ақ, Жуалы, Т.Рысқұлов және Талас аудандарында да мүлікті жария ету бойынша азаматтар белсенділігі төмен (сәйкестік саны 11, 10 және 9) екендігін айта кету керек. Алдағы уақытта аталған аудандар жанынан құрылған мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссиялар бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыруы қажет. Төменде көрсеткіштер рейтингі:
Асқар Қырықбаев, облыс әкімдігі қаржы басқармасының басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді





