Құқық
Таразда жазасын өтеуші алматылық әйел бейнебайланыс арқылы отбасымен сөйлесті
- author «Ақ жол»
- 22 қараша, 2022
- 766
Таразда жазасын өтеуші алматылық әйел бейнебайланыс арқылы отбасымен сөйлесті
Таразда жазасын өтеуші алматылық әйел бейнебайланыс арқылы отбасымен сөйлесті. ҚР ҚК-нің 188 бабының 3 бөлігімен екі жылға бас бостандығынан айырылған азаматша өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты №26 мекемесіндегі жазасын өтеуде.
Қауіпсіздігі барынша төмен мекеменің қызметкерлерінің ұйытқы болуымен ол Skype бейнебайланыс жүйесі арқылы жанұясымен сөйлесуге мүмкіндік алды. Бейнебайланыс барысында азаматша отбасы мүшелерінің жағдайын біліп, амандығынан хабардар болды.
Айта кетейік, арнайы контингенттің бейнебайланыс арқылы жақын-жуықтарымен сөйлесуі коронавирус індеті өршіген тұстан бері кеңінен қолданысқа енді. Себебі, дүйім жұрттың тыныштығын алған дерттің алдын алу мақсатында жабық мекемелерде қысқа және ұзақмерзімді кездесулер уақытша тоқтатылған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




