Таразым - менің тамаша
Сөзі мен әнін жазған Садық Құнанбаев
1. Күн нұры шашылса Таластың тал бойын жағалар Ұлы Жібек жолында Тараздай шежіре қала бар.
Қайырмасы: Тотыдай таранған – арманым Өмірден өзіңді таңдадым Сағынып барғанмын Ақ пейіл халқың-ай Тәтті өмір қантыңдай Жасай бер, жасай бер, Жасай бер, Таразым.
2. Көшесі Абайдың Әдемі Тоғжандай табысқан Қызыға қараймын Жастығым – бұлақ боп жарысқан
Қайырмасы: 3. Бәйдібек – кемеңгер Атына қонғаны – Елдігім! Бауыржан – ерен ер Тәуелсіз алаңды көр бүгін.
Қайырмасы: 4. Таразым – сән қала Қашанда көктемін бермеген Заманмен заңғарға Ұрпағы құлашын сермеген
Қайырмасы:
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді





