Мектептегі өрт-тактикалық сабақ
Құтқарушылар Жуалы ауданының Б.Момышұлы ауылында орналасқан №1 гимназия мектебінде өрт-тактикалық сабақ өткізді. Шараның мақсаты – адамдар көп шоғырланған нысандағы өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды пысықтау, өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен мектеп қызметкерлерінің төтенше жағдай кезіндегі өзара әрекеттестік іс-қимылдарын ұйымдастыру және жетілдіру болып табылады.
Сабақ барысында мектеп асханасында ас әзірлеу барысында электр сымдарының қысқа тұйықталуы нәтижесінде жалпы ауданы 65 шаршыметрді құрайтын өрт шықты. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін мектеп қызметкерлері ғимараттан 37 мұғалім мен 122 оқушыны қауіпсіз орынға көшірді. Бірнеше минуттан кейін шартты өрт орнына өрт сөндіру бөлімшесі жедел жетіп, зардап шеккендерді құтқару және өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді. Шартты өрт туындаған аумақта 1 өрт сөндіру штабы мен 2 өрт сөндіру жауынгерлік бөлімшесі жұмыс атқарды. Өрт сөндірушілер 1 зардап шегушіні өрттен шығарып, медицина қызметіне тапсырды.
Жалпы өрт-тактикалық сабаққа бір өрт сөндіру автокөлігі, бір жедел медициналық көмек бригадасы жұмылдырылды. Сабақ барысында мектеп пен аудандық №7 өрт сөндіру бөлімінің өзара іс-қимылдары жан-жақты пысықталды.
Облыстың ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметінің қоғаммен байланыс тобы.
Ұқсас жаңалықтар
Таза ауыз сумен 19 елді мекен қамтылды
- 6 желтоқсан, 2025
Масылдық неге дендеп барады?
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




