«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Ақ жолды» Үржарда да оқиды

«Ақ жолды»  Үржарда да оқиды
ашық дереккөз
«Ақ жолды» Үржарда да оқиды

\Біздің басылымды Шығыс Қазақстанда да оқиды екен. Әрине, басылымға жазылу олар үшін мүмкін еместігі анық. Дейтұрғанмен, газетіміздің сайты арқылы еліміздің әр қиырындағы оқырмандардың «Ақ жолды» бір шолып шығатын мүмкіндігі баршылық. Шығыс Қазақстан облысына қарасты Үржар ауданы, Абай атындағы орта мектептің оқушысы Бұлбұл Мәулеткажина редакциямызға хат жолдапты. «Мен сіздердің газетке жазылмап едім. Сіздерден өтінерім, өлеңдерім жарияланып жатса, маған бір дана газет салып жіберулеріңізді сұранамын» деген ол өлеңін жіберіпті. Мектеп оқушысы Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны біздің облыстық газетке жазыла алмайтынын қайдан білсін? Дегенмен, басылымды интернет арқылы оқып жүрген жас таланттың газеттерді қалт жібермей қарап отыратындығына ішіміз жылып қалды. «Ақ жолдың» шығыстағы оқырманының «Асқа айналған жылан» атты өлеңін назарларыңызға ұсынамыз.

Асқа айналған «жылан»

Улап жүрген адамзатты мас қылып, Кейбіреулер пайдаланар ас қылып. Қуанышты сол бәлемен ластайды, Келетіндей дәмін татса жақсылық.

Дастарханда тұрады ол қасқайып, Дегендей-ақ: «Бір бәлені бастайық». Наннан биік тұруға оның құқы жоқ, Ес жиялық, уланбайық, тастайық.

Қазақпыз ғой төтеп берген боранға, Өмір сүрсек ішімдіксіз қоғамда. Бес тиынға бір шөлмекті ішкенше, Бес уақыт намаз артық оданда. Ес ауысып уын төккен «жыланмен», Мәз болады қиялданып, аңсатып. «Ап қояйық» деп қояды тілекпен, Бостан-босқа ауыздарын шаршатып.

Кейбіреулер сол уды да тірек дер, Уа, халқым, тәубаға кел, білейік. Орындалсын десек егер тілектер, Шын ниетпен бір Алладан тілейік!!!

Бұлбұл Мәулеткажина.

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы.

Ұқсас жаңалықтар