Әдебиет
Бояй алмай қалған мені суретші, Жүрегіңе тамшы болып тамған түн!
- author «Ақ жол»
- 18 қараша, 2014
- 371
Бояй алмай қалған мені суретші, Жүрегіңе тамшы болып тамған түн!
Жұлдыз Бейсекова. Күзге ғашық қыз едім Сурет салсам тізе мұң
Айтшы неге түзедің?
Қайғысы ұшқан қасында
Күзге ғашық қыз едім
Жанарыма ай құлап,
Отырады жәй жылап... Құлазиды дейсің бе?
Мұң сүйсінтіп, қайғы ұнап
Күрең күннің көбі ұнап,
Қурап қалған шөбі ұнап,
Жылап кетер ме екенмін
Жапырағымды төгіп ап.
Күзге тартқан жасым да,
Күз қойнында басым да,
Найзағай боп тіл қатам,
Нардай болған ғасырға.
Құстың көріп тізбегін
Қанатымды іздедім
Мені ұшырар – жапырақтар,
Мені әкетер – күздерім. Ақ қар көңіл Көшіп алғым келді сенің көзіңе
Сезімдерім сыймаған соң өзіме
Тастай салып алапат бір күй кештім
Бұл басымды – бір шоқ гүлдей төсіңе.
Сылқым дүние,
Сыңсыған түн,
Сынық күн,
Сылдыраған судай жүр-ау күліп кім?
Көңіліме күзін тартқан әлемді
Құшағыңа оралған шақ ұмыттым.
Кінәларын,
Күнәларын -
Жалғанның
Бұ дұниеге қалыңдатып салған кім?
Бояй алмай қалған мені Суретші
Жүрегіңе тамшыдай боп тамған түн.
Жаныңда боп, жақұттаймын не керек?!
Ақ қар – көңіл, өмір – әппақ көбелек.
Бар әлемді қорғаймын мен Сен бар деп
Қанатыммен мөлдір өлең себелеп.
Ұқсас жаңалықтар
Сөйлемге - сыр, өлеңге - өрнек қондырған
- 5 маусым, 2025
Сөз сүлейін сағынышпен еске алды
- 31 мамыр, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді