Әкемдей асыл екен деп...
Адамның бәрі әкемдей асыл екен деп,
Махаббат бағын мәңгілік жүрем мекендеп,
Ойлаушы едім, тоймаушы едім қиялға.
Қол созсам, сол бір сағымға енді жетем бе?
Жетпесім анық бұлыңғыр тартқан сағымға,
Ілесе алмай өмір деген бұл ағымға.
Әкені қатты сағынып соғар жүрегім,
Ойлаған кезде ауырып кетер жаным да.
Әкесі барлар бақытты неткен жан еді.
Әкенің жаны тап-таза кірсіз ән еді.
Жанымның жазсам сағыныш-шерін жырыммен,
Жетер ме екен о дүниеге бұл сәлемім?!
Гүлсара ШАЛҚАР, ақын.
Ұқсас жаңалықтар
«Өзің оқы, өзгемен бөліс»
- 11 желтоқсан, 2025
«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...»
- 9 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




