Сотталғандар психологтен кеңес алды
Түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілерді қоғамға бейімдеуде әрі олардың бойында мінез-құлықтың әлеуметтік жағымды дағдыларын қалыптастыруда психологиялық семинар-тренингтердің маңызы зор. Өйткені, мұндай қадамдар сотталғандардың еркін өмірде көпшілікпен тез тіл табысып кетуіне өз септігін тигізеді. Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде ұйымдастырылған психологиялық тренингке он бес сотталған азамат қатысты. Тренинг барысында психолог маман сотты болғандармен жеке-жеке психологиялық сұхбат жүргізіп, топтық және жеке психокоррекциялық жұмыстарды жүзеге асырды. Бұдан бөлек, тағдыр тәлкегіне түскен азаматтар психологиялық жаттығулар жасап, әртүрлі сауалдарға жауап іздеді.
Айта кетейік, сотталғандардың өз-өзіне зақым келтіруін анықтауда «Ақ сұңқар» психодиагностикалық аппараты айрықша рөл атқарады.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




