Өзара ынтымақтастық нығая бермек

Өзара ынтымақтастық нығая бермек
ашық дереккөз
Өзара ынтымақтастық нығая бермек

Елбасы Грузияның Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвилиді қабылдады. Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция және энергетика салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегі талқыланды. Мемлекет басшысы елдеріміз арасындағы қарым-қатынас өзара тиімді дәстүрлі серіктестіктің негізінде дамып келе жатқанын айтты. – Қазақстан Грузиямен әрдайым жақсы қатынаста болды. Біздің екіжақты байланыстарымыз тәуелсіздік жылдары қарқынды дамыды. Біз Грузиямен ынтымақтастықты барлық бағытта, саясатта да, экономикада да бұдан әрі нығайта беруге дайынбыз, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. Өз кезегінде Грузия Премьер-Министрі Қазақстанға екі елдің өзара ықпалдастығын арттыру және кеңейту үшін келгенін айтты. – Бұл менің Сіздің елге Премьер-Министр ретінде келген алғашқы ресми сапарым. Қазақстан бізге дос әрі өте жақын мемлекет болып саналады. Қазақстанға, оның халқына біздің елде әрдайым айрықша ілтипатпен қарайды. Мен экономикалық, саяси және сауда қарым-қатынастарымыз алдағы уақытта да тереңдей береді деп үміттенемін, – деді И.Гарибашвили.

* * * Мемлекет басшысы Монако Князі Альбер II-мен кездесті. Кездесу барысында екі мемлекеттің басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Тараптар жаңғыртылатын энергетика, туризм және электроника салаларында екіжақты іс-қимылды дамытуға зор әлеует бар екенін атап өтті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Альбер II халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты.Соныман қатар Монако Князі Тұңғыш Президент Кітапханасын аралап көрді, онда құрметті қонаққа «Әлемді өзгертетін идеялар» деп аталатын интерактивті білім орталығы және тақырыптық кітап коллекциялары таныстырылды.

Ұқсас жаңалықтар