Сайлауалды үгіт-насихатшылар 6 өңірді аралады
Жигули Дайрабаевтың штабы 6 өңірді аралады. Бұл туралы «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков үгіт-насихат жұмыстары туралы республикалық телеарнаға берген сұхбатында айтып берді. – Жигули Дайрабаевтың қатысуымен Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды облыстары мен Шымкент қаласында болдық. Енді тағы 4 аймаққа барамыз. Осы аптаның соңына дейін елдегі 20 өңірдің жартысын аралаймыз, – деді Т.Рахымбеков.
Ол атағандай, «Ауыл» партиясы еңбек адамдары бағытында жұмыс істеп жатыр.
– Партия тек ауыл мәселелерін ғана емес, қалалық мәселелерді де көтеріп жүр. Халық саяси науқан жұмыстарына белсенді қатысып жатыр. Әртүрлі мәселелерді, сұрақтарды көтеріп жүр. Оның ішінде олар жалақының аздығы, азық-түліктің қымбаттауы, әлеуметтік кәсіпорындардың жұмысы сынды мәселелерді көтереді. Мектеп, денсаулық сақтау мекемелері, балабақшалардың жұмыс істеуі ауыл халқын алаңдатады. Сондай-ақ фермерлерді мемлекеттік қолдау мәселесі, оларға субсидияның берілуі де талқыланады, – деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




