Қаңтар оқиғасы: ІІМ 1125 қылмыстық істі өндіріспен аяқтады

Қаңтар оқиғасы: ІІМ 1125 қылмыстық істі өндіріспен аяқтады
ашық дереккөз
Қаңтар оқиғасы: ІІМ 1125 қылмыстық істі өндіріспен аяқтады
Қазіргі таңда Ішкі істер органдары тергеушілерімен «қаңтар оқиғаларына» қатысты қылмыстық істер бойынша тергеу амалдары аяқталып қалды. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов оның нәтижелерімен таныстырды. «Жалпы полиция тергеушілермен 45 мыңға жуық тергеу амалдары жүргізілді. Оның ішінде 16 мыңнан аса азаматтардан жауап алынды, 3 мыңнан аса сараптама қорытындылары алынды. 350 млн тенге шамасында бағаланатын ұрланған мүлік тәркіленді. 1125 қылмыстық іс өндіріспен аяқталды, оның ішінде (509 іс ақтайтын негіздер бойынша), 620 айыпталушыға қатысты істер  сот қарауына жолданды. Бүгінгі күнде 579 адам сотталды, оның ішінде 462 адамға қатысты бас бостандығынан айыру емес жазалары тағайындалған. Ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 117 адам бас бостандығынан айыруға сотталды. Одан басқа, тараптардың татуласуына байланысты соттар 14 адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатты», - деді генерал.

Ұқсас жаңалықтар