Құқық
Ұрланған қарулар қылмыскерлермен кейіннен бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты қолданылды
- author «Ақ жол»
- 7 қараша, 2022
- 418

Ұрланған қарулар қылмыскерлермен кейіннен бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты қолданылды
Құқық қорғау органдары ғимараттарына шабуылдау нәтижесінде 1 259 табельдік қару ұрланды, соның ішінде автоматтар, тапаншалар мен гранатометтер болды. Бұл туралы ОКҚ алаңында Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Килымжанов мәлімдеді.
«Атап көрсеткенде, Алматы облысында Полиция Департаменті ғимаратынан 53 автомат, 367 тапанша, 1 гранатомет, сондай-ақ 23 мыңнан астам патрондар ұрланды. Жамбыл облысында 200 автомат, 148 тапанша, 11 гранатомет, бір пулемет және 40 мыңға жуық патрон. Резиденцияда қиратулардан кейін 130 дана қару мен оқ-дәрілердің жетіспеушілігі анықталды, оның ішінде 80 граната, 17 тапанша, 11 автомат, 21 гранатомет және снайпер мылтығы. Аталған қарулар қылмыскерлермен кейіннен бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты қолданылды. Зардап шеккендер мен олардың отбасына материалдық көмек көрсетіп жатқан «Қазақстан Халқына» Қоғамдық қорының оңды рөлі туралы атап өткім келеді. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар тарапынан, оның ішінде кәсіпкерлерге көмек көрсетілуде», - деді спикер.
Ұқсас жаңалықтар
Жезқазғанда балаға қол көтерген тәрбиеші істі болды
- 23 сәуір, 2025
Ауданда қылмыс саны азайған
- 29 наурыз, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді