«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бақша өнімдеріне сұраныс жоғары

Бақша өнімдеріне сұраныс жоғары
ашық дереккөз
Бақша өнімдеріне сұраныс жоғары
Аймақ халқының негізгі табысы ауыл шаруашылығы саласымен тығыз байланысты. Мал және мал өнімдерінен тұратын өндіріс көлемі де соңғы жылдары біршама артқан. Бүгінде мал өндірісінен алынатын сүт және ірімшік өнімдері облыстың негізгі азық-түлік қорына еніп үлгерген. Ал көкөніс пен бақша өнімдері қашанда жоғары сұранысқа ие. Өңір экономикасы аграрлық салаға құрылған, яғни мал және егін шаруашылығы. Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ербол Жиенқұловтың айтуынша, облыста өткен тоғыз айда мал шаруашылығы бойынша 150,7 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 34,5 пайызға артқан. Осының есебінен ет – 0,1, сүт өндірісі – 1,9 пайызға өскен. Сондай-ақ облыстағы мал басы 4,3 миллионды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,5 пайызға жоғарылаған. Мүйізді ірі қара – 503,8 мың, қой мен ешкі – 3 635,1 мың, жылқы – 168,4 мың басты құрады. Бүгінгі таңда бұл бағыттағы 5007 шаруа қожалық мемлекет тарапынан 10,2 миллиард теңгенің қолдауын көрген. Биыл облыста 72,7 мың гектар алқапқа көкөніс пен бақша дақылдары орналастырылып, ол өткен жылмен салыстырғанда 6,3 мың гектарға артқан. Оның ішінде картоп – 11,6 мың, көкөніс – 44,1 мың, бақша дақылдары – 16,9 мың гектар алқапқа орналастырылған. Бүгінгі таңда картоп алқаптарынан 290,1 мың тонна өнім жиналып, әр гектардан алынған орташа өнім 249,3 центнерді құрады. Сонымен қатар бақша дақылдарынан 524 мың тонна өнім жиналып отыр. Көкөністен жиналған өнім 1576,1 мың тоннаны құраса, оның 45,5 мың тоннасы қырыққабат, 105,8 мың тоннасы сәбіз, 1 153 мың тоннасы пияз, 100,9 мың тоннасы қияр, 161,4 мың тоннасы қызанақ, 127,1 мың тоннасы басқа көкөніс дақылдары. Ал 1051,2 гектар алқапқа орналастырылған алма бақтарынан 7015 тонна өнім жиналған. Одан бөлек, 72,3 мың гектардан 59 мың тонна майлы дақылдар жиналып отыр, – дейді басқарма басшысы. Басқарма басшысының айтуынша, облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін екі жүзге жуық кәсіпорын бар екен, оның 153-і бүгінгі таңда өндірісін жолға қойған шаруашылықтар. Бұл кәсіпорындарда 2148 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл өндіріс ошақтарының ішінде сүт өнімін тереңдете өңдейтін 24, ет өнімін өңдейтін 43, мақсары майын шығаратын 4, астық өнімін өңдеумен айналысатын 6 агроқұрылым бар. Бұдан бөлек, аймақта 62 наубайхана, (оның ішінде бөлке нан пісіретін 44 наубайхана), үш жүн- тері, екі қант қызылшасын өңдейтін зауыт жұмыс істеуде. Сонымен қатар бір қожалық көкөністі, 4 агроқұрылым құс етін, 4 макарон өнімдерін өндіретін шағын цехтар жұмыс істеп тұр. Ағымдағы жылдың тоғыз айда 92,7 мың тонна ет өндіріліп, ішкі тұтынымға 10,3 мың тонна ет өткерілген. Оның 9,2 мың тоннасы қайта өңделіп кәсіпорындардың жүктелімі 26 пайызды құрап, өндірілген өнімнің 13,7 пайызы қайта өңделген.  

Марат ҚҰЛИБАЕВ

     

Ұқсас жаңалықтар