Үлкен саяси күш
Аудандық «Достық» мәдениет үйінде өткен «Нұр Отан» партиясы Жуалы аудандық филиалының XV есеп беру-сайлау конференциясына облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков қатысты.
Есеп беру-сайлау конференциясын «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Батырбек Құлекеев ашып, баяндама жасады. Баяндамадан соң жарыссөз басталды. Онда делегаттар Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі Анар Ахметова, «СМТС» ЖШС директоры Лечи Оздамиров, «Зылиха» шаруа қожалығының жетекшісі Керімқұл Бегалиев, «Жас Отан» Жастар қанаты атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Мейіржан Телеушов партиялық жұмысты жетілдіру жөніндегі пікірлерімен бөлісті.
Конференцияда партия облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков сөз сөйледі.
– «Нұр Отан» партиясы – бүгінде бүкіл халық сенім артқан үлкен саяси күшке айналып отыр. Өйткені, партияның өзіне алған міндетті орындамаған кезі жоқ. Күні кеше өткен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің отырысында айтылғандай, Сайлауалды тұғырнамасы да 70 пайызға дейін орындалып қойған. Алайда, «Нұр Отан» партиясы бұл жетістікпен тоқталмақ емес. Алдына уақыт талабына сай жаңа міндеттер қойып, өзінің ұйымдастырушылық жұмысын жалғастыра береді, – деді Бекболат Серікбекұлы.
Мейірбек Мәтенов, журналист.
Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді