Осындай жиын Жаңатас қаласындағы мәдениет үйінде де өтті. Онда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қанатбек Мәдібек есеп берді. Жарыссөзге «Қаратау» тау-кен кешені бастауыш партия ұйымының төрағасы Алпыс Жақсылықов, «Сарысу» газетінің бас редакторы Жамалбек Өзбеков, «Түркістан» бастауыш партия ұйымының төрағасы Аманжол Қалқұлов шығып сөйлеп, партияның беделін арттыру жөніндегі өз ойларын ортаға салды. Конференцияда «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты Асаубай Майлыбаев сөз алып, келелі ой-пікірлері мен ұсыныстарымен бөлісті. Конференцияда ұйымдастыру мәселесі қаралып, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағалығына Қ. Мәдібек бірауыздан қайта сайланды.
Сәулембай Әбсадықұлы, «Ақ жол».
Сарысу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Үздік партияға – үздік кадрлар
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




