9 айдың қорытындысын шығарды
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жедел-қызметтік қорытынды кеңес өтіп, ағымдағы жылдың 9 айының жұмысы қорытындыланды. Департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Еркін Нұрбаевтың төрағалығымен өткен басқосуға мекеменің басшылығы, бөлім бастықтары мен жеке құрам қызметкерлері қатысты.
Жиында негізгі көрсеткіштер айтылып, алдағы уақытта атқарылуы тиіс міндеттер айқындалды. Мекемеде құқықтық тәртіптің мінсіз сақталуы жіті назарға алынды. Сондай-ақ арнайы контингентпен жұмыс істеу барысында заң бұзушылықтар жол бермеу мәселелері қаралды.
Кеңесті қорытындылаған Еркін Үсенұлы орын алған кемшілікті тез арада түзету қажеттігін ескертіп, әріптестеріне қиындығы мол қызметте сәттілік тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Таза ауыз сумен 19 елді мекен қамтылды
- 6 желтоқсан, 2025
Масылдық неге дендеп барады?
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




