Білім ошағындағы аналар академиясы

Білім ошағындағы аналар академиясы
ашық дереккөз
Білім ошағындағы аналар академиясы
Тараз қаласындағы дарынды ұл балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты жоғары сынып аналарының қатысуымен «Wolcome Paty» – «Қош келдіңіз! Біз үлкен жанұя!» атты іс-шарасын ұйымдастырды. Лицей ата-анасы ретінде өзімнің әсеріммен бөліскім келіп отыр. Жоғары сынып ата-аналары лицейге жаңадан келіп жатқан 7-сынып ата-аналарына үлкен қуаныш сыйлады. Ұйымдастыру деңгейі өте жоғары болды. Адам ойына келе бермейтін тосын сыйлармен бізді баурап алды. Атап айтқанда, қолдарына жанып тұрған қызыл жүрекше балауыз шамын ұстаған аналардың бізді қарсы алуы, оларға естелікке ашықхат сыйлауы, көңілге қуаныш, көзге жас келтіретін сазды әуен, мерекелік дастарқан – барлығы ертегі әлеміне саяхат жасағандай таңғалдырды. Ал кештің ерекшелігі «Зере» аналар академиясының тұсаукесер таныстырылымы – игі істің, жақсы бастаманың бастауы болды. Мақсаты – лицей мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту, өзара сыйластық пен жылулыққа толы орта қалыптастыру екендігін жеткізді. «Ата-аналарға арналған мектеп», «Ата-ана – мектеп – оқушы», «Үштік Одақ» жобасы аясында жасалған жұмыстармен таныстыра отырып, биылғы оқу жылында басымдық беріп отырған бағыттарға тоқталды. Осы мақсатта «Жамбыл инновациялық жоғары колледжі» атынан арнайы команда келіп, лицейімізге, игі бастамамызға сәттілік тілеп, өздерінің ізгі ниеттері мен ыстық ықыластарын білдірді. Мерекелік бағдарлама аясында 7-сынып ата-аналары ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды. Бұл лицей өмірінде аналар академиясының құрылуының бастамасы ретінде Аналар академиясының кубогін сыйға тартты. Бақытты бала – бақытты отбасында өмір сүретіндігін, бала тәрбиесінде ата-ана мен мектеп өз мүмкіншіліктері мен қызметін бірлесе ұйымдасқанда ғана толыққанды тұлға болмысы қалыптасатындығын ұғынды. Сезімге толы кештің әсерінен жаңа бір әлемге есік ашқандай күйге түстім. Сондай жылулыққа толы рухани ортаның бастамасымен талай жұмыстарды жасайтынымызға сенімім мол.  

Дарынды ұл балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»

лицей-интернаты ата-аналарының

атынан Луиза БАЧАЕВА.

Ұқсас жаңалықтар