Бүгінде облыстағы жергілікті мәслихаттарда 204 депутат болса, солардың ішіндегі ең жасы – Өмірбек Ботаев. Жиырма сегіз жастағы депутат Жамбыл аудандық мәслихатына Қарой ауылдық округінен сайланыпты. Жалынды жас Аса ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектебін бітірген соң Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Тарих» мамандығы бойынша білім алады. Оқудан қол үзбей Жаңа Жамбыл фосфор зауытында ауысымдық режімде жұмысшы болып еңбек еткен. Дипломға қол жеткізгеннен кейін аудандық ішкі саясат бөлімінде алты ай «Жастар тәжірибесінен» өтеді. Аз уақыт ішінде өзінің қарым-қабілетін көрсетіп, «Жастар орталығында» маман, бөлім басшысы болып қызмет етеді. «Жас Отан» жастар қанатының жұмысын жүйелі жүргізе білуі оған «Нұр Отан» партиясының атынан мәслихат сайлауына қатысуға мүмкіндік беріпті. Қазір Ө.Ботаев Аса ауылындағы Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




