27 мектептің атауы өзгертілді
Ауданда бірқатар білім беру ұйымына ұлтымызға белгілі тұлғалардың есімі берілді. Ауданда білім бөліміне қарасты 47 мектеп бар. Оның ішінде 27 мектептің атауы жоқ болғандықтан, олар тек нөмірмен аталып келген. Мектептерге жеке адамның атын беру үшін әр мектептің ұжымы 2020 жылы қыркүйек айында мәселе көтеріп, қаулыға сай педагогикалық кеңестің шешімімен ұсыныстарын берген.
Нәтижесінде 27 мектептің атауы толығымен өзгертіліп, оларға Мұхаммед Хайдар Дулати, әл-Фараби, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы, Сәкен Сейфуллин, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Әуезов, Спандияр Көбеев, Шерхан Мұртаза, Асанбай Асқаров, Оралхан Бөкей және басқа да бірқатар Алаш қайраткерлері мен ұлт зиялыларының есімі берілді.
Ұқсас жаңалықтар
Биыл су үнемдеу технологиясы қанша гектарға қойылады?
- 16 сәуір, 2026
Магистратураға - 200 орын, докторантураға – 12 орын...
- 16 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




