Медет Үрістенов – облысымыздағы ең жас әкім. Жасы жиырма жетідегі ол бүгінде Талас ауданындағы Ойық ауылдық округін басқарып отыр. «Ер туған жеріне» дейді дана қазақ. Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-Түрік университетін тәмамдаған Медет Үрістенов білімі мен біліктілігін ұштастырып, туған ауылын көркейту жолында еңбек етіп жүр. Ауыл ағаларымен ақылдаса отырып, елді мекендегі «Жеңіс» саябағын қоршап, қайта жаңғыртыпты. Онда қалталы азаматтардың демеушілігімен соғыс және еңбек ардагерлерінің суреттері ілініп, гүлзарлар отырғызылған. Биыл Мәдениет үйі де жөндеуден өткізіліпті. Онда өтетін іс-шаралардың басы-қасында да Медеттің өзі жүреді екен. Ана жолы Көктөбе елді мекеніндегі Б.Әлменұлы атындағы орта мектеп жабыла жаздағанда да жас әкім елмен бірге болып, құзырлы орындардың есігін қақты.
– Медет жас болғанымен пайымды жігіт. Халықпен тез тіл табысады. Ел басқаратын қасиет бойында бар. Ардагер ретінде айтқан ақыл-кеңестерімізге үнемі құлақ асып отырады,– дейді ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Пана Рахманбердіұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




