Жаңа белестерге жетелейді

Жаңа белестерге жетелейді
ашық дереккөз
Жаңа белестерге жетелейді
8Ерболат ӘМІРБЕКОВ, облыстық «Жастар орталығының» директоры. Бүгінде елімізде «оқимын, еңбек етемін» деген жастар үшін барлық мүмкіндік бар. Біз мұның бәрін де Елбасы – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әкелік қамқорлығы деп қабылдаймыз. Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауларында бүгінгі атқарылып жатқан игілікті істердің ертеңгі мұрагері жастар екенін айтудан жалыққан емес. Осы жолғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында да Елбасы жастардың жайын назардан тыс қалдырған жоқ. Президентіміздің Жолдау жолдарында «Мен жастар – біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті, ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы – осы!» деген сөзінде терең тағылым жатыр. Қазіргі таңда облыста мемлекеттік жастар саясатын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу мақсатында барлығы 250 маманды құрайтын 12 жастар орталығы жұмыс істейді. Штат санының өсуі де өткен жылмен салыстырғанда 62 пайызға артып отыр. Мысалы, былтыр орталықтардағы штат саны 156 қызметкерді құраса, биыл олардың саны 94 штаттық бірлікке көбейген. Соның нәтижесінде қазіргі таңда әрбір ауылдық округ жастар ісі жөніндегі нұсқаушылармен қамтылды. Мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру көлемі жыл санап артып келеді. Биыл облысымызда мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында жалпы 379 миллион теңге қаржы бөлініп, игерілуде. Жалпы облысымызда мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 8,5 пайызға артқан. Біз Мемлекет басшысының тікелей ықпалымен жүзеге асып жатқан батыл бастамалар мен қаржылай қолдауға нақты іспен, нәтижелі еңбекпен жауап береміз. Елбасының жаңа Жолдауы біздің бұл бағыттағы басты бағдарымыз болмақ.

Ұқсас жаңалықтар