«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Махаббат, қызық мол жылдар...»

«Махаббат, қызық мол жылдар...»
ашық дереккөз
«Махаббат, қызық мол жылдар...»

17 қараша – Халықаралық Студенттер күні

Жаңа оқу жылының басталып кеткеніне де бірер айдың жүзі болды. Тың талпыныс. Соны серпіліс. Жаңа таныстар. Романтика. Эх, шіркін студенттік өмір-ай! Бірінші курста «балмұздақ» атанып, үлкен оқу орнын қызықтап, мұғалімнен арыстан көрген қояндай қорқып, жан-жаққа қашатын, екінші курста университет қабырғасына бой үйретіп, сынақ кітапшасын бағаға толтырып, мәз болып жүретін кезеңді кім сағынбайды дейсіз!.. Білім алудан ұйқыны артық көретін, мұғаліммен құрбы-құрдасша сөйлесіп, жақсы балды қоржынға салып жүретін үшінші курстың әсері тіптен бөлік. Ал төртінші курс «практика», «диплом» деген екі сөзді көп қайталай беретін, төрт жыл төрт секундтай өткенін еске түсіріп, сағынышпен үлкен өмірге аяқ басатын кезең емес пе?… Студенттік шақ – жоғары оқу орнында оқыған немесе оқып жатқан әрбір адамның өміріндегі ең жарқын кезең болып саналады. Жастық кез қимылға, эмоцияға, өмірді тануға құштарлық пен білім жинауға толы. Бес саусақтың бірдей болмайтыны тәрізді студенттердің өмірлік ұстанымдары мен көзқарастары да әрқилы болып келеді. Бір студенттер үшін бұл уақыт алтыннан қымбат. Күні-түні кітаптан көз алмай, «білім алайын, оқиын, болашағымды жасайтын өзім» деп бір минутын құр жібермейді. Кейбіреулер мұндайларды «оқымысты» деп шеттетіп жатады. Бірақ, түсіне білгенге бұл уақыт бойда бар талантын ашуға көмек береді. Енді біреулері студенттік қоғамдық өмірге белсене араласу арқылы өзіне тәжірибе жинайды. Бір студент сөйлеуді үйренеді. Біреулерін түсіну мүлдем қиын, сабақтан қалмайды, сабақ айтпайды, не тобымен араласпайды…Тағы біреулер үшін бұл кезең түк те қызық емес. Дәріске қатыспай, асханаға келіп кетуді қанағат тұтатын, аралық бақылау кезінде бір келіп мұғаліммен «келісімді түрде» баға алатын жастар да бар. Оны жоққа шығаруға болмайды. Стереотип солай қалыптасқаны соншалық, әдетте олар жастар арасында өздерінше «сый-құрметке» ие… Осылайша қызығы мен шыжығы қатар жүретін бұл кезеңде талай жастар өзінің болашақ өмірін айқындайтыны сөзсіз. Біреуі айнымас дос тапса, енді бірі өмірлік жарын кездестіреді. Студенттік жатақханалар талай думанды кештердің куәсі. Махаббат, қызық мол жылдар...

Ұқсас жаңалықтар