Тұрар жақтан тауып алды тұрағын
Жүрегіне арқалап ап мұңды ауыр,
Тағдырына кінә артпай зілмауыр.
Жанталасқан тіршілікке қол бұлғап,
Алты Алаштан көшіп кетті бір дәуір.
Кетті дәуір, артында мың мұрат қап,
Кетті ғасыр, Жуалыдан жырақтап.
Аспан кезіп жүрген шығар рухы,
Бәлкім жатыр Айша маңын тұрақтап.
Тіршіліктің кері бұрап құлағын,
Ақиқатқа жақындады бір адым.
Тұрар мекен таусылғандай тірлікте,
Тұрар жақтан тауып алды тұрағын.
Жанарымды тұрса дағы жас шайып,
Өлімге енді тақпайыншы босқа айып.
Талаптыда туған ұлы қазақтың,
Тау басында тұрған шығар қасқайып.
Тәнін жерге жұрт тапсырып қойса да,
Биіктікті аласартпас ой-сана.
Шерхан жаны жерді енді жерсінбес,
Ай да аспанда,
Шер де аспанда,
Айша да!
Табиғат АБАИЛДАЕВ, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




