Мерекелік мәдени іс-шара өтті
25 қазан - Республика күніне орай өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі сотталғандар арасында мерекелік және жаппай мәдени іс-шаралар өткізілді. Бұл күні жазасын өтеушілердің қатысуымен жиын ұйымдастырылып, мерекелік құттықтаулар айтылды.
Іс-шараны мекеме бастығы әділет подполковнигі Нұржан Күзембаев сотталғандардың патриоттық сезімін көтеруге бағытталған мерекелік құттықау сөзімен ресми түрде ашты. Жалпы, бұл шарада жазасын өтеушілер рухты ән-күйлерді орындап, қазақтың қара домбырасымен ой салар түрлі термелерді жатқа айтты.
Шара соңында мекеме қызметкерлерінен құралған комиссия құрамы жеңімпаздарды анықтап, оларға естелікке күнделікті тұрмысқа қажетті дүниелерді тарту етті. Айта кетейік, №26 түзеу мекемесіндегі сотталғандар бұған дейін жеңілатлетикалық спорттың бірнеше түрінен сынға түсіп, өзара кім мықтыны анықтаған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Өндірістегі жазатайым оқиға: әділдік пен заң талаптары
- 12 наурыз, 2026
Үйді тонаған ұры емес, өзі болғаны ма?...
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




