Зертхананың тәжірибелі маманы
Жол-құрылыс жұмыстарының ажырамас бөлігіне айналған зертхана саласында көпшілік біле бермейтін күрделі жұмыс жүйесі қалыптасқан. Ал онда еңбек ететін қызметкерлердің жұмысы қай кезде де қауырт. Өйткені, зертхана жұмыскерлеріне сынама алу, олардың талапқа сай еместігін анықтау және сараптама жүргізу сынды маңызды жұмыстарды мінсіз атқару жүктелген. Мақсат Күлпешовтің мамандығы – инженер. Шымкент қаласындағы жоғары оқу орнында «Құрылыс» факультетінде білім алған. Бұған дейін, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына қарасты бөлімдердің бірінде абыройлы қызмет еткен ол екі жылдан бері аймақтағы «Ұлттық жол активтерінің сапасын арттыру орталығының» зертханасында жұмыс істейді. Оның айтуынша, кез келген сынама қорытындысына қол жеткізу оңайға соқпайды.
- Бүгінгі таңда әріптестерімізбен бірлесе отырып, заманауи құрылғылардың көмегімен жол сапасын зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мұндай аппараттар сала мамандарының жұмысын жеңілдетіні рас. Біздегі арнайы құрылғы арқылы әрбір деталь жіті тексеріледі. Бұдан бөлек, материалдарды сынамадан өткізіліп, тиісті талдау жасалады. Айта кету керек, кез келген сынама қорытындысына қол жеткізу оңайға соқпайды. Мұндағы қиында қызықты әрбір сәт қызметкерлерге зор жауапкершілік жүктейді, - дейді Мақсат Нұрланұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Таза ауыз сумен 19 елді мекен қамтылды
- 6 желтоқсан, 2025
Масылдық неге дендеп барады?
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




