Ауыр жүк көліктері бақылауда
Жыл сайын жол активтері ұлттық арттыру орталығының мамандары облыс аумағындағы республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына тексеру жұмыстарын жүргізеді. Негізгі мақсат – шамадан тыс жүк артып, тақтайдай тегіс жолдың тоз-тозын шығаратын көліктерді анықтау. Жасыратыны жоқ, кез келген күре жолдың басты жауы – ауыр жүк көліктері. Соның салдарынан, бүгінде аймақтағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында айтарлықтай ақаулар пайда бола бастаған. Шынмәнінде, бұл автомобиль жолдары өткен ғасырдың 60-70 жылдары салынғандықтан, жол төсемінің құрылымы көліктің әр осіне жүктеме салмағы 8 тоннаға есептелген.
Ал талдау көрсеткендей, 60 пайыз автожолдардың қирауы ауыр жүк көліктерінің ұлғаюына байланысты болып отыр екен. Жол бүлінуінің негізгі себебі де осы. Бұл жөнінде мамандар талай мәрте дабыл қаққанымен, мәселе түбегейлі шешілер емес.
Айта кетейік, жол активтері ұлттық арттыру орталығының мамандары орташа жөндеуге ведомстволық сараптама жүргізу үшін биылдан бастап жобалаушылардан жобалық-техникалық құжаттамаға жүктерді тасымалдау үшін 15 тоннадан артық емес салмақты автокөліктерді талап етіп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Таза ауыз сумен 19 елді мекен қамтылды
- 6 желтоқсан, 2025
Масылдық неге дендеп барады?
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




