Басты байлығымыз – ел бірлігі
Ольга СБИТНЕВА, славян этномәдени бірлестігінің төрайымы, аудандық мәслихаттың депутаты. Қазақстан Президентінің халыққа арнаған әр Жолдауы тек сөз күйінде ғана емес, іс жүзінде аса маңызды екенін уақыттың өзі дәлелдеді. Берілген әр тапсырма бұлжытпай орындалып, нәтижесінде барлық салаға серпіліс әкелді. Елбасының «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты Жолдауы да алдағы даму көкжиегін айқындап берді. Жаңа құжат сонымен қатар ұлтаралық келісім мен ел ішіндегі тұрақтылыққа баса назар аударылуымен де ерекше. Әр қазақстандық ұлтаралық татулықты сақтауға барынша үлес қосуы қажет екені айтылды.
«Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндіктер беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре беруіміз керек» деді Елбасы. Ұлт Көшбасшысының салиқалы сөздері жүрегімді тебірентіп жіберді.
Расында да кез-келген істі біз үшін сырттан ешкім келіп атқарып бермейтіні бесенеден белгілі. Біздің тәуелсіз елде өмір сүріп жатқан жастарымыз ешқандай ұлтаралық қақтығыссыз, түсінбеушіліксіз өссе екен дейміз. Бұдан бөлек көптеген мәселелер көтеріліп, халықтың көкейінде жүрген жайлар тілге тиек етілді. Жалпы, халық Жолдауды асыға күтеді және әрқашан үміті ақталып, жаңашылдыққа жақындай түседі. Бұл жолы да Елбасы сөзі дүйім жұртты бір серпілтіп тастады деп ойлаймын.
Қордай ауданы.Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




