Халит Базаралиев, «Луговой жылқы зауыты» ЖШС директоры, облыстық мәслихаттың депутаты.
Елбасы күтпеген жерден, «Нұр Отан» ХДП есебінен кейін өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жария етті. Бұл жолғы Жолдаудың атының өзі «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» деп аталуына қарағанда бізді кемел болашақ күтіп тұр деп ойлаймын. Сіздер білесіздер, біздің «Луговой жылқы зауыты» қалдықсыз технологияны өндіріске енгізе отырып, интенсивті мал бордақылау алаңдарын ашып, одан ет өндіріп, бекіре шаруашылығын қолға алып, балық зауытын салып, биогаз өндіріп, қора-жайларды малдың өз қиымен жылытып, енді жүзге тарта жылыжай салуды межелеп отыр. Ең бастысы, біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Нұрлы жолымен жүруді өзімізге мақсат етіп алға қойғанбыз. Жолдауда халыққа тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарды салуға миллиардтаған теңге бөлінгелі отыр. Біздің зауыт та алдағы жылы тұрғын үй салуға 300 миллион теңге, яғни әр салынатын тұрғын үйге ең кем дегенде 60-70 мың доллар қаражат бөлетін болды. Жоспарымызда жыл сайын жұмысшылардың жалақысын 20 пайызға көбейту, оларға демалыс орындарына тегін жолдама беру, жас мамандарға сыйақы беру де көзделген.
Т. Рысқұлов ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді