Балтамыр бапқа бітеді

Балтамыр бапқа бітеді
ашық дереккөз
Балтамыр бапқа бітеді
Биыл ауданда қант қызылшасы 730 гектар алқапқа орналастырылған болатын. Қазіргі таңда оның 335 гектары қазылып, 700 тоннаға жуық балтамыр жиналды. – Ауданда диқандардың ала жаздай төккен тері ақталсын деп, биыл тәтті түбірді жинауды ерте бастан бастап кеттік. Биыл балтамыр алқаптарының шығымы жақсы. Өнімділігі де жоғары. Кейбір алқаптарда өнім гектарына 450-500 центнерден айналуда. Қазір қызылшаның гектарға шаққандағы өнімділігін ескеріп, қант зауытына 11695 тонна балтамыр өткізуді жоспарлап отырмыз, – дейді аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы. Бұл науқанға алғашқылардың бірі болып кіріскен «Қызыл диқан» өндірістік кооперативі. Кооператив жетекшісі Нуритдин Бегмановтың айтуынша, қожалық нашар деген үш гектар алқаптан 95 тонна өнім жинаған. Ал шығымы тәуір деген 15 гектар алқаптың әр гектарынан алынған орташа өнім 430 центнерді құрады. Бүгінгі таңда қожалық 645 тонна балтамырды жинап, оның 630 тоннасын «Меркі қант зауыты» ЖШС өткізген. «Меркі қант зауыты» ЖШС шаруа қожалықтың көлік логистикасын жабу үшін төрт теңге жол шығынын субсидиялаған. Ең бастысы, шаруалар өнімді өткізуде түзілетін ұзынсонар кезектің азайғанына дән риза.  

 Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ,

журналист.

Жамбыл ауданы.

Ұқсас жаңалықтар