Цемент зауытының жобасы қаралды
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов инвестициялық штабтың кезекті отырысын өткізді. Басқосуға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, бірқатар облыстық басқармалардың басшылары қатысты.
Штаб отырысында ойын-сауық кешені мен цемент зауытын салу жобалары талқыланды. Инвесторлар кәсіпорындарды салу барысында инженерлік инфрақұрылыммен қамтуға қатысты кездесіп отырған мәселелерді көтерді. Нұржан Нұржігітов энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармаларына, «Тараз» химиялық паркі» арнайы экономикалық аймаққа аталған мәселелерді қысқа мерзімде шешуді тапсырды.
Аймақ басшысы барлық мемлекеттік органдарға, аудан әкімдіктеріне, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне инвестиция тарту жұмыстарын жүйелі негізде жалғастыруды тапсырды.
– Инвестициялық жобаларды жедел қарастыру және инвесторларға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында құрылған инвестициялық штабтың жұмысын белсенді жүргізу керек. Жалпы инвестициялық және іскерлік ахуалды жақсарту ғана емес, инвесторлармен тікелей жұмыс жасау мәселелеріне де ерекше назар аудару қажет. Инвестициялық штаб отырысында берілген барлық тапсырмалар барынша орындалуы тиіс, – деп түйіндеді сөзін Нұржан Нұржігітов.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




