Қазақ халқының айтулы перзенті, даңқты ұшқыш, авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов 10 қарашаға қараған түні өмірден өтті. Бұл қаза бүкіл қазақтың қабырғасын қайыстырып, әрбір жүректі сыздатары анық. Өйткені, оның әскери әуе қорғанысында сіңірген ерен еңбегі еліміздің тарихынан айрықша орын алып, халқымыздың жадынан өшпек емес. Талғат Бигелдинов 1922 жылы 5 тамызда Ақмола облысында дүниеге келген. Оның балалық-жастық шағы Бішкекте өтті. 16 жасында аэроклубқа оқуға түседі. 1943 жылдың қаңтарында Калинин майданына алынады, оған 296-дивизияның 800-ші шабуылдаушы авиациялық полкының Ил-2 шабуылдағыш ұшағының тізгіні беріледі. 1944 жылдың қазан айында Знаменка және Кировоград қалаларын жаудан азат етуде ерлік пен әскери шеберлік көрсеткені үшін және жаудың төрт ұшағын атып түсіргені үшін аға лейтенант Бигелдинов Кеңес Одағының Батыры атағы атанды. Осы уақытқа дейін ол әуеде 200-ге жуық әскери тапсырманы орындаған болатын. Даңқты ұшқыш Берлинді азат ету үшін болған ұрысқа да қатысты. 1945 жылдың 27 маусымында оған Кеңес Одағының Батыры атағы екінші рет берілді. Ол барлығы 305 әскери ұшуды жүзеге асырды. 2012 жылы авиация маршалы Александр Ефимов өмірден өткеннен кейін Талғат Бигелдинов Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте алғандардың арасында Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлігі үшін «Алтын Жұлдызды» иеленген көзі тірі жалғыз адам болған еді. Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновтың өмірден өтуіне байланысты көңіл айтты. Бақұл бол, батыр ұшқыш!
Ұқсас жаңалықтар
Атқарылған іс – арқалаған сенімді ақтайды
- 21 қараша, 2024
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді