Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
- author «Ақ жол»
- 12 қазан, 2022
- 272

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Екіжақты кездесу мен Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-отырысынан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізді.
– Біз бауырлас Түркия елімен тұрақты мемлекетаралық қатынас орнаттық. Биылдың өзінде жоғары деңгейдегі бірнеше сапар болды. Бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды. Менің мамыр айында Түркияға мемлекеттік сапармен барғанымды білесіздер. Сол кезде Режеп мырза екеуміз кеңейтілген Стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімдеме қабылдадық. Түркия – Қазақстанның өте маңызды стратегиялық серіктесі, – деді Президент.Мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоғанның екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын айтып, Түркияның жаһандық және аймақтағы проблемаларды шешуге белсенді қатысып отырғанына тоқталды.
–Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы тасымалды ұлғайтуға екі ел де мүдделі. Өңірдегі тұрақтылықты сақтау үшін бұл стратегиялық жобаның зор маңызы бар. Биыл 7 айда осы бағыт арқылы тасымалданатын жүк көлемі 2,5 есеге артып, 1 миллион тоннаға жетті. Осы ретте, мемлекеттеріміздің «Орта дәлізді» дамытуы қазір өте маңызды, – деді Мемлекет басшысы.Келіссөздер барысында жаһандық өзекті мәселелер де назардан тыс қалмады. Президент көптеген халықаралық мәселелер бойынша екі елдің ұстанымы жақын екенін атап өтті.
– Біз көпжақты дипломатияны одан әрі нығайтуға ерекше мән береміз. Екі елдің серіктестігі Біріккен Ұлттар Ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес сияқты көпжақты құрылымдар аясында ойдағыдай дамып келеді. Ертең Түркия Президентімен бірге Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 6-шы Саммитіне қатысамыз, – деді Мемлекет басшысы.Өз кезегінде Түркия Президенті Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының нәтижесіне көңілі толатынын жеткізді.
– Біз бауырлас Қазақстанның егемендігін, территориялық тұтастығын, бейбітшілігі мен тұрақтылығын әрдайым қолдаймыз. Біздің бірлігіміз бен ынтымақтастығымыз мәңгілік! Қазақстан Президентінің басшылығымен жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалаймын. Алдағы президент сайлауының қорытындысы Қазақстанға игілік әкелсін, – деді Режеп Тайип Ердоған.Түркия Президенті І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа шын жүректен алғыс айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Ақордада Еуроодақтың жоғарғы өкілін қабылдады
- 28 наурыз, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді