Қолы ашықтың – жолы ашық
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өткізіліп жатқан жәрмеңкеге бұл жолы Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Шу аудандары мен Тараз қаласының тауар өндірушілері қатысып, жалпы көлемі 35,3 тонна өнім ұсынған болатын. Оның ішінде ет пен шұжық өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, кондитерлік өнімдер мен макарон өнімдері, балық, ұн, бал және жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері сатылымға қойылды.
Жәрмеңке барысында жылқы, сиыр, қой еттері килограмына 2100-2600 теңге аралығында өткерілсе, тауық жұмыртқасының 10 данасы – 350 теңгеден, жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері түрлеріне қарай 70-260 теңге аралығында өткерілді.
Айта кету керек, жәрмеңке кезінде жомарттық танытқан Жамбыл ауданындағы «Орынбай» шаруа қожалығы 1 тоннаға жуық пиязды тұтынушыларға тегін үлестіріп, жұртшылықтың ақ батасын алды.
«Aq jol»-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




