Жаңа техника тапсырды
Ауданда қоқыстарды дер кезінде шығарумен 5 техника айналысады, оған 82 қоғамдық жұмысшы тартылған. Жақында аудан басшысы Марат Сұлтанғалиев әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қоқыс шығаруға арналған су жаңа «КамАZ» маркалы көліктің кілтін тапсырды. 45 миллион теңгеге сатып алынған жүк көлігінің көлемі 16 текшеметрді құрайды.
Жалпы, ауданда қоқыс алаңдарын жаңартудың 31 заманауи жобасы әзірленіп, ұсыныс енгізіліп отырғанын айта кеткен жөн. Алдағы уақытта бұл мәселе бойынша бюджет есебінен қаржы қарастыру көзделген.
Сарысу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




