Мақсат – халықаралық ынтымақтастықты нығайту
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Отар маңындағы Мәтібұлақ полигонында өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскери оқу-жаттығуларының жабылу салтанатына қатысты. Бес күнге созылған халықаралық шара барысында «Өзара іс-қимыл», «Іздеу» және «Эшелон» бойынша оқу- жаттығулары ұйымдастырылды.
Мақсат – өзара әскери үйлесімділікті жетілдіріп, халықаралық ынтымақтастықты нығайту. Оқу-жаттығулардың ашылу салтанатына Ұжымдық Қауіпсіздік шарты ұйымы Бас хатшысының орынбасары Тахир Хайруллоев, Ұйымның Біріккен штабының бастығы, генерал- полковник Анатолий Сидоров, ұйымға мүше елдер мен қарулы күштердің өкілдері қатысқан болатын.
Ұжымдық жедел ден қою күштері басшылығының құрамына Беларусь, Қазақстан, Қырғыз, Ресей және Тәжікстан Қарулы күштерінің өкілдері кіреді. Оған жетекшілік ету міндеті Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары, полковник Бауыржан Артықовқа жүктелген. Орталық Азия өңіріндегі ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған оқу-жаттығу 26 қыркүйектен бастап өтіп жатқан болатын.
Оларға ҰҚШҰ-ның жедел ден қою ұжымдық күштерінің маневрлерін көрсететін «Өзара іс-қимыл-2022», барлау күштері мен құралдары жұмылдырылған «Іздеу-2022» арнайы оқу- жаттығуы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелері қатысатын «Эшелон-2022» кіреді. Бұл оқу- жаттығулардың нағыз тартысты кезі 6-7 қазанда өтті.
«Aq jol»-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестікке серпін берген сапарлар
- 23 қараша, 2024
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді