«Алқаптан - сөреге» жобасы жүзеге асуда
Ауданда аталған жоба аясында 96 азаматқа бақша өнімдерін егуге 36 гектар жер телімі беріліп, одан 630 тонна бақша өнімдері өндірілді. Ауыл тұрғындарының қажеттілігінен артылған өнімдер аудан тұрғындарына сатылуда. Игі бастаманы қолдаушы Игілік ауылдық округінің «Алмас-К» шаруа қожалығының төрағасы Қ.Жүсіпәлиев тәжірибе ретінде Талас өзенінің арнасынан 8 гектарға бақша дақылдарын еккен болатын. Атап айтқанда, 4,5 гектар жерге картоп, 2 гектарға қауын-қарбыз бен асқабақ, 1,5 гектарға сәбіз еккен қожалық бүгінде жиналған өнімдерін аудан тұрғындарына өткеруде.
Мәселен, 1 гектар жерден 150 центнер картоп өнімі алынған. Енді «Алмас-К» шаруашылығы еккен картоп, сәбіз, басқа да бақша өнімдері арадағы делдалсыз ауыл тұрғындарына, сондай-ақ жәрмеңкеде облыс тұрғындарына арзандатылған бағамен сатылатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Таза ауыз сумен 19 елді мекен қамтылды
- 6 желтоқсан, 2025
Масылдық неге дендеп барады?
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




