Жедел-іздестіру қызметкерлері марапатталды
№26 мекемесінің жедел-іздестіру қызметкерлері марапатталды. Облыстық ҚАЖ департаментінде өткен жиын барысында департамент бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаев қазан айының 5-ші жұлдызы қылмыстық іздестіру қызметінің күні екенін атап өтіп, дәл осы қызметтің дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген қызметкерлерге айрықша құрмет көрсетті. Жалпы, бұл күні алғысқа бөленгендердің қатарында №26 мекемесінің жедел бөлімінің бастығы әділет майоры Уалихан Сатенов пен аға жедел уәкілі әділет капитаны Махамбет Бақытжанұлы да бар.
Айта кету керек, 1918 жылы 5 қазанда РСФСР Халықтық Комиссариатының шешімімен Қылмыстық іздестіру қызметі құрылған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




