«Ақберенде» алты жүйрік іріктелді
Облыс әкімдігі білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен оқушылар арасындағы ІХ «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі өтті. Тараз қаласы мен аудандардан топ жарған жүйріктер «Шешендік, білгірлік сайысы», «Көркемсөз оқу», «Эссе жазу», «Ұлттық аспапта өнер көрсету», «Ақындар айтысы» және «Ақындар мүшәйрасы» аталымдары бойынша өнер көрсетті. Сайысқа 74 оқушы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Іс-шараны аталған орталық директоры Майра Есеналиева ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ ол байқаудың жеңімпазы атанғандар республикалық кезеңде де жақсы өнер көрсетуі қажеттігін, жүзден жүйріктің дөп таңдалуы керектігін ескертті. Өнер байқауының қорытындысы бойынша Жамбыл ауданы, Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы Гүлзат Сауран, Т.Рысқұлов ауданы, Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Назым Жақсылық,Талас ауданы, Б.Тоқтықожаұлы атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Айсұлу Жүнісбек, Меркі ауданы, Тілеміс батыр атындағы №14 орта мектептің 10-сынып оқушысы Нұрым Нұртай, Жамбыл ауданы, Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Бақдәулет Жанатбек, Т.Рысқұлов ауданы, Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Азамат Серік жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталды. Енді әр аталым бойынша жеңімпаз оқушылар республикалық «Ақберен» байқауында өнер көрсетеді.
Есет ЖАҢАБАЙҰЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Абай философиясындағы үміт мәселесі
- 10 ақпан, 2026
Аралды құтқару – адамзат үшін өзекті міндет
- 5 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




