
Талант тасада қалмайды
Нұрғиса Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернатта әдеби-мәдени іс-шаралар жиі өтіп тұрады. Жақында аталған білім ошағында Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай екі байқау бірден ұйымдастырылды. Шерхан Мұртазаға арнау өлеңдерді мәнерлеп оқу бойынша өткен сайыста 9-сынып оқушысы Меруерт Мейірхан жеңімпаз атанды. Ол Бақыт Беделханның «Шер-аға да өтті дүниеден» атты өлеңін керемет шабытпен, үлкен толғаныспен жатқа оқыды.
Ал «Ай мен Айша» романының кейіпкерлері бойынша сурет салу байқауында да 9-сынып оқушысы Шерхан Жолтай мағынасы терең, бояуы көркем суретімен жеңімпаз атанды. «Біз Шерханнан болашақта үлкен суретші шығады деп ойлаймыз», – дейді сурет үйірмесінің жетекшісі Айман Орманова. Мектептің ұйымдастырушы педагогі Айжан Қадірқызының да еңбегі ерен екенін айта кеткен жөн.
Іс-шараны аталған мектеп-интернаттың директоры Эльмира Жақсылықова, қазылар алқасының төрайымы, Шерхан Мұртаза атындағы облыстық «Руханият және тарихтану» орталығы «Шерхантану» бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Мая Әзімқұлова қорытындылап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дипломмен марапаттады.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Балық пен көкөніс өсіруге арналған
- 24 сәуір, 2025
Бұл – жас мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер алаңы
- 24 сәуір, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді