Тараздық талапкер – бас жүлдегер
Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Халық жазушысы Шерхан Мұртазаны зерттеуге арналған «Шерхан оқулары» облыстық байқауы өтті. Байқауға Тараз қаласы мен аудандардан қатысқан тоғыз үміткер төрт аталым бойынша сынға түсті. Байқау шартына сай қатысушылар жазушы өмірі мен шығармашылығынан бейнебаян әзірлеу, ұяшық таңдау арқылы жазушыға қатысты сұрақтарға жауап беру, мерейтой иесіне арналған арнау өлеңдер мен Шерхан Мұртаза шығармаларынан үзінділер оқу арқылы өзара сайысқа түсті.
Қазылар алқасының шешімімен тараздық Ерлан Нұрланов бас жүлдені иеленсе, жуалылық Қуаныш Сүйінбайға бірінші жүлде бұйырды. Екінші жүлдеге мойынқұмдық Кәрім Сүйінбекұлы лайық деп танылды. Жүлделі үшінші орынды байзақтық Назгүл Әбдіхалықова мен сарысулық Ерболат Ілиясов өзара бөлісті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Республикалық пән олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті
- 9 сәуір, 2026
Бірегей білім ордасы
- 8 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




