15 миллионға демеушілік жасады
«Қазфосфат» ЖШС аудандағы ірі кәсіпорын – «Жаңатас су-жылу» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қолдау көрсетіп, өз қаражаты есебінен Жаңатас қаласындағы орталық қазандыққа алып баратын ұзындығы 200 метрлік теміржол тұйығына жөндеу жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде қазандық аумағындағы тозығы жеткен 24 метр болатын теміржол рельстері толық ауыстырылып, жаңа шпалдар төселген. Қалған 176 метр аумаққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстарға «Қазфосфат» мекемесімен қатар «Жаңатас су-жылу» КММ-ның қызметкерлері де жұмылдырылды.
Материалдық шығындар мен қызметтерді қосқанда атқарылған демеушілік жұмыстарының көлемі 15 миллион теңгені құрады.
Ұқсас жаңалықтар
Таза ауыз сумен 19 елді мекен қамтылды
- 6 желтоқсан, 2025
Масылдық неге дендеп барады?
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




