
25 бас жылқыны ұрлаған күдікті ұсталды
Шу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кәсіби жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде өткен жылы орын алған мал ұрлығы қылмысын ашты. Тәртіп сақшылары былтыр 15 желтоқсанға қараған түні жалпы құны 11 миллион 550 мың теңгені құрайтын 25 бас жылқыны ұрлаған 52 жастағы Талас ауданы Ақкөл ауылының тұрғынын анықтап, құрықтады. Ол жылқыларды Шу ауданы, Алға ауылына қарасты жайылымнан жасырын түрде айдап әкеткен. Алайда мал иелері бұл жөнінде құзырлы орындарға тек бір жарым ай өткен соң ғана шағымданған.
«Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-1-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен (аса ірі мөлшердегі мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, қамаққа алынды. Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Осы орайда, тұрғындарға қылмысты ізін суытпай ашудың маңызды екендігін ескерткім келеді. Дер кезінде хабарлау күдіктілерді жедел анықтауға және ұстауға мүмкіндік береді», – дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев.
Ұқсас жаңалықтар
Көзі көрмейтін жандар да көркем әдебиетті көп оқиды
- 10 шілде, 2025
Еңбек адамына деген көзқарас өзгермейді
- 5 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді