«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ұлт ұстазы

Ұлт ұстазы
ашық дереккөз
Ұлт ұстазы

Ұлт ұстазы

  Үміттенді, туады деп азат күн, Неше атасын көрседағы азаптың. Кеменгерім сегіз қырлы бір сырлы, Маңдайдағы жұлдызы еді қазақтың.   Арайланып атқан көркем таң еді, Кісілікке құрылғанды әдебі. Шамшырағы білім менен ғылымның, Көңілі ояу, көзі ашық жан еді.   Қараңғы елдің тас түнегін күйреткен, Көзін ашып, ғылым, білім үйреткен. Ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі, Осы жолда шыбын жанын пида еткен.   Шын жүрекпен сүйе алмасаң Отанды, Тар заманның өмір заңы қаталды, Қара нардай елдің жүгін көтеріп, Алты Алаштың ұлт ұстазы атанды.   Ахметтің армандары алға асып, Болмыстағы мағына мен мәнді ашып. Ұрпақтардан ұрпақтарға үлгі боп, Өмір жолы келе жатыр жалғасып.   Алты Алаштың гүлге оранды көктемі, Бабалардың ой арманы көктеді. Ғылым құмар білім қуған жастарды, Шақырады Байтұрсынов мектебі.  

 Аят БАТЕЙ,

жас ақын.

Ұқсас жаңалықтар