Отан қорғаушылармен кездесті
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментіне барып, жұмысымен танысты. Аймақ басшысы әскери қызметке шақыру пунктінде болып, мерзімді әскери қызметке шақырылушылармен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі.
Нұржан Нұржігітов елді қорғау әр ер азаматтың парызы мен міндеті болып табылатындығын, бабаларымыз ғасырлар бойы Тәуелсіздік жолында күрессе, ендігі ұрпақ Тәуелсіздікті қорғап, нығайту үшін өз үлесін
қосуы қажет екендігін атап өтті. Сондай-ақ сарбаздардың әскери міндетті бұлжытпай орындап, әскери қызметтің ауыртпалықтары мен қиыншылықтарын табандылықпен көтеріп Отан алдындағы борышты адал әрі абыроймен өтеуіне сенім білдірді.
Бұдан бөлек облыс әкімі аумақтық қорғаныс бригадасының командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуына қатысып, онда тыңдау өткізіп, жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.
Нұржан Нұржігітов елді қорғау әр ер азаматтың парызы мен міндеті болып табылатындығын, бабаларымыз ғасырлар бойы Тәуелсіздік жолында күрессе, ендігі ұрпақ Тәуелсіздікті қорғап, нығайту үшін өз үлесін
қосуы қажет екендігін атап өтті. Сондай-ақ сарбаздардың әскери міндетті бұлжытпай орындап, әскери қызметтің ауыртпалықтары мен қиыншылықтарын табандылықпен көтеріп Отан алдындағы борышты адал әрі абыроймен өтеуіне сенім білдірді.
Бұдан бөлек облыс әкімі аумақтық қорғаныс бригадасының командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуына қатысып, онда тыңдау өткізіп, жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




