Қоғам
Таразда сотталғанның анасы түзеу мекемесіндегі ұлына телефон бермек болды
- author «Ақ жол»
- 29 қыркүйек, 2022
- 361

Таразда сотталғанның анасы түзеу мекемесіндегі ұлына телефон бермек болды
59 түзеу мекемесіне ұзақ мерзімді кездесуге келген сотталғанның анасын тексеру барысында сәлемдеме ішіндегі аяқ киім арасынан "Nokia" маркалы 2 дана ұялы телефон табылып, тәркіленді. Бұдан бөлек, заңды бұзған әйелдің іш киімінен зарядтағыш құрал мен жасыл түсті исі бар белгісіз зат жасырылғандығы анықталды.
Бастапқыда жазасын өтеушінің анасы мекеме қызметкерлеріне өзімен бірге тыйым салған заттардың жоқ екенін айтқанымен, сотталғанға әкелген әрбір затты мұқият тексеру кезінде мекеме аумағына кіргізуге тыйым салынған заттарды алып өтудің тағы бір дерегінің алдын алды.
Қазіргі аталған дерек бойынша Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің есеп және ақпарат кітабына тіркеліп, түрме тәртібін бұзған әйелдің ҚР ҚК-нің 297 бабының 1 бөлігіне сай қылмыстық іс қозғалды.

Ұқсас жаңалықтар
Өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды
- 19 шілде, 2025
Саңырауқұлақтан түсетін табыс мол
- 19 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді