Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс XXХІ сессиясы 2014 жылдың 10 қарашасында облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 15.00-де келесі күн тәртібімен өтеді: 1. «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №20-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2. «Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 26 маусымдағы №26-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 3. Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы 4. Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының отыз екінші сессиясының төрағасын сайлау туралы. * * * Облыстық мәслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) 2014 жылдың 10 қарашасында сағат 14.00-де өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2014 жылдың 10 қараша күні сағат 13.30-да басталады.
Б. Қарашолақов, облыстық мәслихаттың хатшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Астанада екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтті
- 17 маусым, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді