Азаматсың ба, әскерге бар!
Әскерге барып, Отан алдындағы міндетін өтеуге құлықсыз жастар еліміздің барлық аймағында кездеседі. Демек, жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатындағы іс-шараларды жиі ұйымдастырып, әскерге шақыру науқанына ертерек қамданған жөн. Облыс әкімінің бірінші орынбасары, облыстық шақыру комиссиясының төрағасы Нұржан Календеровтың жетекшілігімен өткен кеңесте әскерге шақыру науқанына дайындық жайы пысықталып, ұйымдастыру жұмысындағы кемшіліктер қаралды. Кеңес отырысына ҚР қарулы күштері бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары, полковник Рустам Ақбаров арнайы келіп қатысты.
Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Нұрбол Зейнеловтың айтуынша, көктемгі шақыртуда әскер қатарына 1304 азамат тартылған. Сонымен қатар ол биыл дәрігерлік және шақыру комиссияларындағы кемшіліктерді тізіп шығып, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мәселесі туралы да жан-жақты баяндады. Сала басшысы қыркүйектен басталған мерзімді әскери қызметке шақыру жұмысы желтоқсанға дейін жалғасатынын айтып, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне шақыру және жасақтарды жөнелту басталғанын да хабарлады.
Осы аралықта әскер жасағындағы азаматтар шақыру пункітіне күн тәртібінде көрсетілген мерзімде, уақтылы баруы міндетті. Оның үстіне биылдан мерзімді әскери қызметке шақырудан босату немесе кейінге қалдыру функциялары мемлекеттік қызмет ретінде іске асатыны және қызметтің осы түрі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетіні белгілі болды. Әрі әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе босатылу туралы мемлекеттік қызметті пайдалану электрондық цифрлық қолтаңба арқылы іске асады.
Жалпы кеңесте жастарды әскери-патриоттық іс-шараларға тарту, мемлекеттік органдардың әскери қызметтің беделін арттыру жұмыстарын жандандырумен қоса, әскерге шақыру науқаны туралы хабарландыру шаралары да назарға алынды. Осы ретте ҚР Қорғаныс министрінің әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған ұсыныстары туралы ҚР Қарулы күштері бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник Расул Ақбаров хабарлады. Енді әскери қызметтің белгіленген мерзімін абыройлы өтеген әскери қызметшілерге орта арнаулы және жоғары оқу орындарына гранттар беріле бастайды.
Сонымен қатар әскери билет бланктері тек мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарға ғана тиесілі болмақ. Мұндай оң өзгерістер мемлекеттік мекемелерге жұмысқа орналасуда септігін тигізеді. Екінші деңгейлі банктермен келісімшарт бойынша мерзімді әскери қызметке шақырылған қызметшілерге «несиелік демалыстар» берілетіні де құптарлық іс. Кеңесте облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, жергілікті полиция, ҰҚК шекара қызметінің жауапты тұлғалары әскерге шақыру науқанындағы тиісті жұмыстар жөнінде қысқаша баяндаса, облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Зұлпыхар рухани-патриоттық іс-шаралар жоспарын әзірлейтінін айтты.
Сәндібек ПІРЕНОВ
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестікке серпін берген сапарлар
- 23 қараша, 2024
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді