Бағыты айқын, жоспары нақты, мақсаты биік мемлекеттің болашаққа бастар әрбір қадамы қарышты болары хақ. Бұл жолда билік партиясының атқарар рөлі мен арқалаған жүгі жеңіл келмейді. Елімізде келешек үшін маңызды саяси шешімдер қабылданып жатқан тұста «Нұр Отан» партиясы тартынып қалған жоқ, керісінше билік партиясы ретінде жауапкершілікті сезіне отырып, белсенділік танытты.
Ал ағымдағы аптада облыста Мойынқұм ауданынан бастау алған «Нұр Отанның» ХІV есеп беру-сайлау конференциясында 2012-2014 жылдар аралығында атқарылған жұмыстар талқыға түсіп, таразыланды. Аудандық мәдениет үйінде өткен жиында аудан әкімі Болат Мәдікенов алғашқы мәселе бойынша, партия Мойынқұм аудандық филиалы саяси кеңесінің есепті мерзімдегі жұмыстарын баяндады. Ол саяси өзгерістер кезеңінде партия аудандық ұйымының ұстанымы нығайып, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары пәрменді жүргізіліп, «Қазақстан. 2017 мақсаттары.Ұлттық іс-қимыл жоспары» тұғырнамасын іске асыруға білек сыбана кірісіп кеткендігін мәлім етті. Бүгінде ауданда 22 бастауыш партия ұйымы мен 4273 мүшесі бар. Олар партияның 12 жобасының жүзеге асуын жеке міндеті санап, саяси науқандарға белсенді түрде қатысып жүр. Аудандық филиал төрағасы Б. Мәдікенов ішкі партиялық жұмыстар, партиялық бақылау комиссиясының, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның атқарған жұмыстары туралы сөз етті. Баяндаманы талқылау бойынша партия аудандық филиалының мүшелері – аудандық мәслихаттың хатшысы Ш.Исабеков, Қ. Рысқұлбеков атындағы орта мектептің мұғалімі А.Молдабаев, партия аудандық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, аудандық туберкулезге қарсы аурухананың бас дәрігері Ж.Айтишев, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Е.Абасов жарыссөзге шығып, «қанағаттанарлық» деген баға берді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша 15 адамнан тұратын партия аудандық филиалының саяси кеңесі бекітілді. Сонымен қатар, конференцияда партия облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Т. Құлжабаев сөз сөйлеп, оның партия аудандық филиалының төрағалығына аудан әкімі Б. Мәдікеновті сайлау туралы ұсынысы бірауыздан мақұлданды. Жиында, сондай-ақ, партия облыстық филиалының XIV есеп беру-сайлау конференциясына 22 делегат сайланды. Белгіленген мәселелер түгел қаралып, тиісті қаулылар қабылданғаннан кейін белсенді партия мүшелері облыстық, аудандық филиалының Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды.
Қарлығаш Есбергенова, «Ақ жол».
Мойынқұм ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді