Құқық
Таразда сотталғанның заңға қайшы әрекеті электронды бақылау құралы арқылы анықталған
- author «Ақ жол»
- 23 қыркүйек, 2022
- 722
Таразда сотталғанның заңға қайшы әрекеті электронды бақылау құралы арқылы анықталған
Бүгінгі таңда облыс аумағында «Пробация» жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатқандығы белгілі. Есепте тұрған сотталғандар арасында қылмыстың алдын алу мақсатында қолға алынған шара барысында бірнеше құқықбұзушылық анықталды. Мәселен, Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің есебінде тұрған С есімді жазасын өтеуші сот жүктеген міндеттерді бірнеше рет өрескел түрде бұзған. Дәлірек айтқанда, ол түнгі мезгілде тұрғылықты мекенжайында болмаған.
Жуырда № 3 пробация бөлімі қызметкерлерінің ұсынымына сәйкес, С есімді сотталғанға қатысты сот отырысы өтті. Онлайн режимде өткен сот отырысы барысында №2 қалалық соттың үкімімен есепте тұрған азаматтың бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі - бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Енді ол жазасын өтеу орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады. Тәртіпке бағынбай, сот залынан тікелей түзеу мекемесіне жөнелтілген аталған сотталғанның осынау әрекетінен өзгелер сабақ алғаны жөн. Себебі, заң бәріне ортақ.
Айта кетейік, С есімді сотталғанның заңға қайшы әрекеті электронды бақылау құралы арқылы анықталған.
Жуырда № 3 пробация бөлімі қызметкерлерінің ұсынымына сәйкес, С есімді сотталғанға қатысты сот отырысы өтті. Онлайн режимде өткен сот отырысы барысында №2 қалалық соттың үкімімен есепте тұрған азаматтың бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі - бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Енді ол жазасын өтеу орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады. Тәртіпке бағынбай, сот залынан тікелей түзеу мекемесіне жөнелтілген аталған сотталғанның осынау әрекетінен өзгелер сабақ алғаны жөн. Себебі, заң бәріне ортақ.
Айта кетейік, С есімді сотталғанның заңға қайшы әрекеті электронды бақылау құралы арқылы анықталған.Ұқсас жаңалықтар
Дропперліктен аулақ бол!
- 6 желтоқсан, 2025
Тараптар арасындағы дау медиациямен шешіледі
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




